МЕКТЕПТІҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ТАЛДАУ » Б.Майлин атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Б.Майлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕПТІҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ТАЛДАУ
27
май
2022

МЕКТЕПТІҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ТАЛДАУ

МЕКТЕПТІҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ТАЛДАУ

Толық аты: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Майлин орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Өрікті ауылы, Самұрық көшесі № 9в
Мемлекттік лицензиясы, KZ21LAA00031348 бекітілген уақыты:, 14.06.2021
Мекеменің сыйымдылығы: 300 оқушыға арналған 1 типтік ғимарат , 240 оқушыға арналған 2 бейімделмеген ғимаратта орналасқан. Жалпы 540 оқушыға арналған
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Осыған орай, мектеп ұжымы 2020-2021 оқу жылында білім беру мақсатын жүзеге асыру барысында басымдықтарды анықтап, «Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы функционалдық сауаттылығы дамыған тұлғаны тәрбиелеу, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жасады
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып,оқу-тәрбие процесін ұйымдастырдық.Пандемия кезіндегі карантин жағдайына қарамастан баланың өмірін қорғай отырып, санитарлық талаптарды сақтап,балалардың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған жұмыстар жоспарланды.
2020-2021 оқу жылы cоңында 1-11 сыныптарда 716 білім алушы аяқтады. МАД тобында 36 оқушы бар. Жалпы мектепте 752 бала білім алуда. Бастауыш буында, 1-4 сыныптарда -330 оқушы /16 сынып комплек/ , орта буында 5-9 сыныптары 321 оқушы /16 сынып комплект/, жоғарғы буында 10-11 – 65 оқушы /5 сынып комплект/. Орташа сыйымдылығы -19,3 бала.
Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепалды даярлық балаларынан 3 топ, 1-4 бастауыш сыныптар «Кезекші» сыныптарда оқытылды. 5,9,11 сыныптар штаттық режимде аралас форматта пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқыту процессі бойынша оқытылды. 5б сыныбы 4-ші тоқсанда қашықтықтан оқытылды. Қалған 6-8,10 сыныптар қашықтықтан «BilimLend», «WhatsApp» және тағы басқа педагогтардың , оқушылардың мүмкіндіктері бойынша әр түрлі платформалар арқылы білім алды. Сондай ақ 9,11 сынып оқушыларымен білімдегі шығындарын толықтыру мақсатынды қосымша сабақтар ұйымдастырылды. 9 сыныпты 58 білім алушы аяқтады «Үздік» аттестатқа бірігендер 9 А сынып Калдыбаева Жансая, Кәрім Бақытнұр,Маметханова Аружан, 9Ә сыныбы- Колгулова Марал ,9Б сыныбы – Алиева Нармина
Оқу жылын 33 түлек аяқтады, қорытынды аттестатауға барлық оқушы қатыстырылып , атесттатаудан өтті. «Үздік» аттестат алғаны -3. 11А сыныбы - Саламатова Асель, Алимжанова Мадина, 11б сыныбы -Дыгаева Русайфа. ҰБТ –ға қатысқаны - 14 , орташа балл -63 .
Оқушылардың білім сапасына тоқталатын болсақ:
1-4 сыныптарда 330 оқушы ,оның 168- ұл ,162 –қыз бала , 1-ші сыныптардағы 86 оқушы бағаланбайды. Ал, 2-4 сыныптар аралығында 4-ші тоқсан қорытындысы бойынша 90 оқу озаты, 87 жақсы оқитын оқушымен аяқтады. 2-4 сынытардағы жылдық қорытынды бойынша 64 оқушының қанағаттанарлық оқитынын байқауға болады. Жылдық қорытынды бойынша 2-4 сыныптарды 90 озат , 90 екпінді аяқтады . 3В сынып оқушысы Саидов Омар денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушы, ол бағаланбайды. 2-4 сыныптардың жалпы білім сапасы : жылдық қорытынды бойынша 74,1% көрсетуде. Өткен тоқсанмен салыстырғанда -2,1 % көтерілген. Атап айтар болсақ төмендегідей өзгерістерді байқауға болады
Сынып1-ші тоқсанда2-ші тоқсанда3-ші тоқсанда4-ші тоқсандаЖылдық
2a7579707580
2ә9085807681
2б8080757575
2в7272686868
3а7373737171
3ә8071717175
3б7172737676
3в4760656464
4а6868687171
4ә7377777474
4б7979747474
4в8181737676

5-9 сыныптарда 321 оқушы , оның 164-ұл, 157- қыз бала, 5-9 сыныптарды 78- оқу озаты , 127- жақсы оқитын оқушы аяқтады. 116 оқушының орташа оқитыны көрінуде. білім сапасы: -63,8% көрсетіп отыр, яғни -0,2 пайызға төмендегені байқалуды. Алайда 5,9,11 сыныптар мектепке келіп , штаттық режимде оқытылды. Білімдегі олқылықтарды көтеру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырлған болатын. Нәтижесінде білім сапасы төмендегенін байқап отырмыз. 5-9 сыныптар бойынша білім сапасында төмендегідей өзгерістерді байқауға болады
Сынып1-ші тоқсанда2-ші тоқсанда3-ші тоқсанда4-ші тоқсандаЖылдық
5а5070627070
5ә8282828282
5б6368656767
6а6767756868
6ә6565656565
6б6060606060
6в5050474747
7а6060656565
7ә5257676767
7б5761555555
8а5868686868
8ә6565707070
8б4550454545
9а6161676767
9ә6768727272
9б5955555555
10-11 сыныптарда 65 білім алушы бар. Оның 35- ұл , 30- қыз бала. Оқу озаты -15, жақсы оқитыны -22. Білім сапасы: 10-11 сыныптарда 58% болған, яғни білім сапасы -1 пайызға төмендеген .Білім сапасы төмендегідей :
Сынып1-ші тоқсанда2-ші тоқсанда3-ші тоқсанда4-ші тоқсандаЖылдық
10а6363757575
10ә5757575757
10б5060606060
11а4247454545
11б6262696262
11б сыныпбында білім сапасы 7 пайызға төмендегенін атап кетуге болады.
Жалпы жылдық қорытынды бойынша білім сапасы - 67,1% көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша 2-11 сыныптарды 184 – озат, 238- екпінді оқушы аяқтады Яғни 422 оқушы жақсы оқыса ,208 оқушы орташа оқитыны байқалады. Жыл соңында 2-4, 5-8, 10 сыныптардағы үздік оқушылар онлайн жиналыстарда «Өте жақсы» оқығаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқу процесінің сапасын жақсарту және тиімді аймақтық ақпарат алмасу жүйесін енгізу мақсатында Kandelk.kz жүйесне мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар қосылған. BilimLand білім беру платформаларының ресурстарын пайдалануда мұғалімдер мен білім алушылардың белсенділігі жеткіліксіз болды
ҰБДҚ ны толтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Мектептің әлеуметтік паспортын дайындау тең құқылы білімге негізделеді. 2020-2021 оқу жылында мектептің әлеуметтік статусы бар оқушылар мектептің 52,29% құрап отыр.
2020 жылдың 1 қыркүйегінен 1-11 сынып аралығында оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімін жасалды (көпбалалы және аз қамтылған, бір әке, бір ана).
Оқу жылына сынып комплектілерін саны анықтағаннан кейін мектеп оқушыларының әлеуметтік статусын анықтау мүмкіндігіне ие болдық.







Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту жұмысына сараптама.

№Мектептің атауыМектептегі жалпы оқушылар саныКөп балалы отбасындағы балалар саныАз қамтылған отбасынан шыққан балалардың саныСәтсіз отбасынан шыққан балалар саныЖетім және анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саныТек анасының тәрбиесіндегі балалар саныТек әкесінің тәрбиесіндегі балалар саныӨгей әке/ анасымен тәрбиеленіп жатқан балалар саны
1«Б.Майлин атындағы орта мектебі» КММ721152
оқушы11 оқушы4 оқушы1 оқушы71104


2020-2021 оқу жылында ЖББ қорынан ыстық тамақпен қамтылған балалардың статистикасы.
СтатусОқушы саны
Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны222
Көп балалы92
Жалғыз басты ана54
Жалғыз басты әке10
Аз қамтылған30
АСП36
1-4 –сынып оқушыларына бір күндік тамақтану құны351 теңге
5-9 –сынып оқушыларына бір күндік тамақтану құны405теңге

Оқушыларды әлеуметтік қолдау үшін 2020 жылдың 1 тамызынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жариялануымен жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасын тапты.Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау арқылы балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу,балаларға қажетті оқу-құралдары мен қашықтан оқуға қажетті техникалармен қамтамасыз етуге еріктілер мен спонсорларды іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Мектепке жол акция барысында 98 балаға мектепке қажетті оқу-құралдарымен және 2 оқушыға демеушілер атынан ұялы телефон алып берілді. Атамекен кз сайтына 35 ата-ана тіркелді.
ЖББ қорынан берілген киімдерді 88 оқушыға үлестіріліп берілді. Сонымен қатар, сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жиналды
Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы 20 оқушыны демеушілер, сынып жетекшілер, ата-аналар тарапынан сыйлықпен және 3 отбасыны демеушілер көмірмен қамтамасыз етті.
Мектеп тарапынан 20 оқушыға компьютер, 8 оқушыға планшет, 6 оқушыға роутер берілді. Сонымен қатар әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен және ата-аналарымен үнемі байланыс орнатылған.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Қамқорлық» акциясын ұйымдастырылды. Нәтижесі қуантарлық жағдай, 10 отбасыға азық-түлік, 2 оқушыға ұялы телефон, 8 оқушыға оқу-құралдары алып берілді.















Мектептің басқару циклограммасы
Апта күніЖүргізілетін іс-шаралар
Мерзімі
Дүйсенбі1.Жалпы мектептік жиын (оқушылар арасында)Аптасына 1 рет, дүйсенбі күні
2. Мектеп құжаттары бойынша жұмысАйына 1 рет
3. Әкімшілік отырысы
3.1.Алдыңғы аптадағы істелетін жұмыстар ауқымын анықтау
Аптасына 1 рет
Сейсенбі1.Ата-аналар үшін «Ашық есік күн»Тоқсанына 1 рет
2.Кеңестер , кездесулерКестеге сәйкес
3. Жалпы ата-аналар жиналысыЖылына 2 рет
4. Сынып ата-аналар жиналысыТоқсанына 1 рет
Сәрсенбі1. Жас мұғалімдермен жұмысАйына 1 рет
2. «Өзін-өзі басқару » ұйымының отырысыАйына 1 рет
3. Мектептің санитарлық тазалығы
Күнделкті
Бейсенбі1. Педагогикалық кеңесӘр тоқсанда 1 рет, жылына 6-8 рет
2. Директор жанындағы мәжілісАйына 1 рет (әр айдың соңғы аптасы)
3. Сынып жетекшілерінің семинарыӘр тоқсанда 1 рет
4. Құқықтық тәрбие кеңесінің отырысы
Әр тоқсанда 1 рет
Жұма1. Әдістемелік пән бірлестіктерінің отырысыӘр тоқсанда 1 рет
2. Әдістемелік кеңес отырысыӘр тоқсанда 1 рет
3. Әдістемелік семинардың жұмысы
Кестеге сәйкес
Сенбі1.Қосымша білім беру мен үйірмелер жұмысыКестеге сәйкес

Мектептің жұмыс тәртібі мен оқу кезеңдері
1-сынып бес күндік, 2-11-сыныптар алты күндік оқу жүйесі нормасымен оқиды.

Қоңыраулар
1 ауысым2 ауысым
1. 8.00 - 8.451. 13.30 - 14.15
2. 8.50 - 9.352. 14.20 - 15.05

3. 9.40 - 10.25
15 минут үзіліс ыстық тамақ уақыты3. 15.10 - 15.55
15 минут үзіліс ыстық тамақ уақыты
4. 10.40-11.254. 16.10 - 16.55
5. 11.30-12.155. 17.00 - 17.45
6. 12.20-13.056. 17.50 - 18.35
7. 12.35-13.157. 18.40 - 19.25
8. 13.10-13.55












2020-2021 оқу жылындағы жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы
(ықшамдалған)
Мектептің педагогикалық ұжымы 2020-2021 оқу жылында ««Педагогикалық ықпал ету негізінде, мектеп пен жанұя бірлігін арттыру, оқытудың жаңаша әдісін пайдалану арқылы, оқушылар білімінің деңгейін көтеру» өзекті мәселесі бойынша еңбек етті.

Мектеп педагогикалық ұжымының сапалық құрамы төмендегідей:

Б.Майлин атындағы орта мектебінде барлығы - 80 мұғалім жұмыс істейді Оның 69 -ы жоғары білімді , арнаулы орта білімді -10 мұғалім бар, Аяқталмаған 1 . Оның ішінде: жоғары санатты – 5, педагог зерттеуші-6, бірінші санатты - 14, педагог сарапшы-10, екінші санатты -12, педагог модератор- 10 ,санаты жоқ - 23 мұғалім бар. Жас мамандар саны –14

Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың көрсеткіші:
2020-2021 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушы саны 1-11 сынытарда -716 , МАД топтарында 36 болды.
Барлығы 1-4 сынып аралығында- 329 оқушы, 5-9 сынып -321, 10-11 сыны -65 оқушы бағаланды. 3в сынып -1 оқушы үйден оқытылып бағаланбады. .
Үйде оқытылатын оқушы саны-1
«Үздік оқушы» саны -184
«Жақсы»оқушы саны -238
«Қанағаттанарлық» оқушы саны -203
Мектеп бойынша оқу үлгерімі -100%, оқу сапасы -67 %




Пән олимпиадасы, ғылыми жоба, интеллектуалдық олимпиадалар, оқулар
•Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша: І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын- .2 Барлығы 4оқушы орын алды.
•«Ақбота» интеллектуалды марафонынан 21 оқушы 1,2,3 дәрежелі дипломмен 10оқушы марапатталды.
•«Британский бульдог» интеллектуалды марафонынан 44 оқушы 1,2,3 дәрежелі дипломмен 28 оқушы марапатталды.
•Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» атты өнер және білім консурсына 2оқушы қатысып , 1 ,2 орын иеленді
•«Қолөнер –еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибе семинарына мұғалімдер мен оқушылар қатысып , қолөнер жұмыстары жоғары бағаланып марапаттарға ие болған.
•Республикалық «Болашақ жұлдыздар» байқауына 2 оқушы қатысып , 1 орын иеленді.
•Аудандық «Дарын» ғылыми-практикалық конференциясына қатыстыратын жоба 1 оқушы.
•Аудандық мектепаралық 7,8 сыныптардың қатысуымен «Баскетбол» жарысынан 1 орын, облыстық жарыстан 3 орын .
•Аудандық мектепаралық 9,11 сыныптардың қатысуымен «Баскетбол» жарысынан 1 ,2,3 орын .
•Аудандық «Жарқын болашақ» байқауына 2 оқушы қатысып 2 орын иеленді.

«Үштілділік- жаһандануға бір қадам
Мектебімізде үштілділік бойынша аудандық әдіскерлердің ұйымдасытруымен облыстық семинар өтті. Семинарға облыс,аудан мұғалімдері және мектебіміздің мұғалімдері Кашкинова Г.Т., Нұртаева А.Х. қатысты. Әріптестер семинарда іс-тәжірибесімен бөлісіп, кері байланыстар берді.
«Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар-қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі"

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының орындалуы
Қазақстан Республикасының Конститутциясында жалпы орта білім беру туралы айтылған. Мектепте жалпыға бірдей біліммен қамту және оқушылардың себепсіз түрде сабақтан қалмауына байланысты, іс-шаралардың орындалуына байланысты оқушылардың қозғалысын белгілеп мәлімет даярланып, жүргізіліп отырды.

Іс-әрекетті талдау
Сәтті жақтары1.Білімдегі олқылықтарды жою жұмыстарының жүргізілуінің нәтижесінде жалпы білім сапасының өткен жылмен салыстырғанда 62,1 % -дан 67% -ға көтерілуі ;
2.Бастауыш сынып ата-аналарының -75% мектеп өміріне белсенді араласу және жиналыстарға қатысуы ;
3 «Үздік оқушы» және «Жақсы» оқитын оқушылардың қатарының өзгермеуі , 5% -ға көтерілуі;
4. Барлық сыныптарда оқу пәндерінің МЖБМСТ сәйкес жүргізілуі.
5.Кабинеттердің сыйымдылығының СЭС талаптарына сәйкес келуі;
6.Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен білім алушыларға барлық жағдай жасалуы;
7.Оқу-тәрбие процессінде психологиялық қызметтің көрсетілуі;
8. Мектепте оқушылармен өзін-өзі басқару жұмысының ұйымдастырылуы. «Тәуекел» тобының балаларын, аз қамтылған отбасы балаларының мектептегі өзін-өзі басқаруға белсенді қатыстыруы
Сәтсіз жақтары1.Оқушылардың суық тиіп ауруына байланысты сабақтан көп қалулары;
2.Орта және жоғарғы буын оқушыларының ата-аналарының жиналыстарға белсенді қатыспауы;
3.Қашықтықтан оқыту кезінде кейбір білім алушылардың онлайн сабақтарға қатыспауы;
4.Мамандардың жетіспеуіне байланысты қосалқы қызметкерлердің бар болуы;
5
Шешу жолдары1.Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында пән мұғалімдерінің жоспары түрде жұмыс жүргізуі;
2. Пән мұғалімдерінің курстан өтуін ұйымдастыру.
3. Үлгермеуші және дарынды оқушылармен жұмыстарды ұйымдастыру ;
4.Білім алушылардың аурып сабақтан қалмауы үшін алдын –алу шараларын өткізу/ әңгіме , вакцина алу/


Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау жұмысы 6 бағыт бойынша жүргізілді
Іс-әрекетті талдау
Сәтті жақтары1. Күнтізбелік –тақырыптық жоспарлардың бағдарламаға сәйкес жасалуы;
2. Оқу-тәрбие үрдісінде педагог мамандармен толық қамтылуы;
3. Материалдық-техникалық базаның жабдықталуы;
4. Пәндердің оқытылу сапасын бақылауға сәйкес тексеру;
5. Жалпыға міндетті білім стандартының орындалуы;
6.«Күнделік kz» сайтымен жұмыстың жүйелі жүргізілуі;
Сәтсіз жақтары1..Алғашқы қима/срез/ жұмыстарының нәтижесі зерделенбеуі;
2. Мектепішілік бақылауға қойылған барлық сұрақтардың қамтылмауы;
3. РISA халықаралық зерттеуге дайындық жұмысының ұйымдастырылмауы;
4. «PISA TIMSS бойынша мұғалімдердің курстан өтпеуі;

Шешу жолдары2.Білім сапасын көтеру мақсатында тәжірибелі мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатысуды жүйелі жалғастыру;
2. Үлгермеуші оқушылармен қосымша сабақтар жүргізуді ұйымдастыру;
3.«PISA TIMSS» тапсырмаларына баламалы тапсырмалар әзірлеу бойынша әдістемелік көмек алу, мұғалімдерге семинарлар ұйымдастыру
4.Мектепішілік бақылауға қойылған барлық сұрақтардың қамтылуына және бақылаулардың нәтижелерін күн тәртібіне қою


2021-2022 оқу жылына көрсетілген міндеттерді алады:

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету;
2. Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың білім және үлгерім сапасының деңгейін көтеру;
3. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына деген қызығушылығын арттыру;
4. Білім берудің жаңа жүйесіне көшу, оқыту технологиясын кеңейте отырып, ақпараттық және коммуникативтік технологияларын мектеп өміріне ендіру;
5.Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологялық талаптардың қағидаларын орындай отырып, короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларын орындау
6. Мектептің «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021- 2025 жылдарға арналған жоспарын жүзеге асыру.
7. Әр пәннің мұғалімі оқушылармен бірге ғылыми жобалармен жұмыс жасауына, дарынды, қабілетті балалармен жұмыстан нәтиже көрсетуіне бағыт беру, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру, «Дарын» шығармашылық орталығы ұйымдастырып отырған барлық байқауларға қатысуды қамтамасыз ету;
8. «Мәңгілік ел» патриоттық актісін негізге ала отырып,оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, халық дәстүрін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
9. Мектептің бала тәрбиесіндегі отбасы, әлеуметтік ортамен бірлігін нығайтып, мектеп жасындағы әр оқушының міндетті орта білім алуын қамтамасыз ету;
10. Оқу кабинеттерінде дидактикалық материалдар, көрнекіліктер қорын көбейту, зертханаларды жаңа құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету, кабинеттерді заман талабына сай ждабдықтау;
11. Республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық орталықтармен байланыс орнату;
12. Мектепте факультатив, үйірме, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымының жұмысын жалғастыру;
13. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру;
14. Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу;